Қазақстан әйелдер теннис құрамасының Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатысатын құрамы белгілі болды
Фото: КТФ
Қазақстан теннис федерациясы әйелдер құрамасының командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатысатын құрамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Байрақты бәсеке 2025 жылдың 16–21 қыркүйегі аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.
Құрамға кірген спортшылар:
-
Елена Рыбакина
-
Юлия Путинцева
-
Зарина Дияс
-
Анна Данилина
-
Жібек Құламбаева
-
Команданың капитаны – Юрий Щукин.
Еске салайық, ширек финалда Қазақстан құрамасы АҚШ командасымен кездеседі. Жеңіске жеткен жағдайда, қазақстандықтар алғаш рет аталған турнирдің жартылай финалына жолдама алуы мүмкін.
Айта кетейік, бұл — Қазақстан әйелдер құрамасының Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне үшінші рет қатысуы.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

