Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек пен құтқарушылар жібереді
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетіп, жер сілкінісінен кейін үйінділерді тазалауға құтқарушылар жібереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: dzen.ru
Үкіметтің мәліметінше, бұл президенттің тапсырмасы бойынша жасалуда. Гуманитарлық көмек жіберу үкіметтік комиссия отырысында талқыланды.
Гуманитарлық көмекке азық-түлік, шатырлар, дәрі-дәрмек, киім-кешек және басқа да қажетті заттар кіреді. Тауар алдағы уақытта әуе және теміржол арқылы жөнелтіледі.
Сондай-ақ Ауғанстанға үйінді астында қалған адамдарды құтқаруға практикалық көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен кинологтар жіберіледі.
Айта кетейік, 7 қазан күні Ауғанстанның Герат провинциясында жер сілкінісі болған еді.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған