"Қолдау күтемін": Биылғы "Әлем аруы" байқауына Қазақстан атынан кім қатысады
"Әлем аруы" сұлулық байқауында Қазақстан атынан бақ сынайтын "Қызылорда аруы" Камилла Серікбай ел тұрғындарынан қолдау көрсетуді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Камилла Серікбай Сүлеймен Демирел атындағы университетінде бойынша оқиды. 2019 жылы "Қызылорда аруы" атанды. Бала кезінен каратэмен айналысады, спорт шебері.
Ол биыл 16 мамырда Флорида штатының Холливуд қаласында өтетін "Әлем аруы" сұлулық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды.
Қазіргі уақытта байқауда ресми дауыс беру басталды. Қазақстандыққа қолдау көрсету үшін AppStore немесе Play Market-тен Miss Universe қосымшасын жүктеу қажет. Қатысушылар арасынан Қазақстанды таңдап, жұлдызды басу қажет.
Дауыс беру 15 мамырға дейін жалғасады. Бірінші дауыс - тегін.
Айта кетейік, былтыр коронавирус пандемиясына байланысты "Әлем аруы" байқауы кейінге қалдырылған еді.
Ал биыл арулардың бәсекесі Холливуд қаласында оффлайн форматта өтеді. Ұйымдастырушылар қауіпсіздік шарасы үшін қатысушыларға жарысқа келмес бұрын карантиннен өтуді міндеттейді. Бұдан бөлек сұлулар бірнеше рет сынақтан өтуі, шоу алдында маскаларды тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек.
Жеңімпазға тәжді "Әлем аруы - 2019" жеңімпазы ОАР өкілі Зозибини Тунци табыстайды.
"Әлем аруы" (Miss Universe) - жыл сайын өткізілетін халықаралық сұлулық байқауы. Әлемдегі ең беделді сұлулық байқауларының бірі.