Жаңадан сайланған Энергетика министрі қазақша сөйлей алмай, мәжіліс депутаттары алдында ұятқа қалды
Жақында ғана Энергетика министрі болып тағайындалған в жаңа қызметінде парламентте мәжіліс депутаттарымен алғашқы ресми кездесуінде қазақша сөйлей алмай ұятқа қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басқарма басшысы өз сөзінде "Жылу энергетикасы туралы" жаңа заң жобасымен таныстырды. Қазақша сөйлеуге келгенде іркіліп, әбден қысылған министрге депутат Бақытжан Базарбек мемлекеттік тілде сөйлеуі керектігі жөнінде ескертпе айтты.
"Біріншіден, біз мемлекеттік қызметшіміз. Екіншіден, бұл міндетті шара, сөз сөйлеуге дайындалу керек. Үшіншіден, қазақша сөйлей алмасаң көмекшіңіз болуы керек", - деді Мәжіліс депутаты.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған