Қазақша Мумбай: Алтын Орда көпірі маңында тағы да үлкен кептеліс пайда болды (видео)
Алтын Орда базарының алдында ұзын-сонар кептеліс жайлады. Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үлкен кептелістің видеосы әлеуметтік желілерде жария болды.
"Адамдарды байланыстыратын Алтын Орда", – делінген бейненің сипаттамасында. Видео астындағы түсініктемелердегі кейбір желі пайдаланушылары оқиға орнын планетаның халқы көп қалаларының бірі – Мумбаймен салыстырды.
Желі қолданшылары мұның карантин талаптарына сай емес екенін айтып дабыл қақты.
“Бұл жерде коронавирус жоқ па? Неге базарды жаппайды”, “Ел мектеп формасын іздеп жүр. Базарға бармағанда қайда барады?”, “Мына жерден адам адасады”, “Бұл жерлерге карантин әсер етпей ме? Неге реттемейді?”, “Мына жерде болған адам жағдайдың қалай қиын болғанын көріп тұр”, “Адамдар тәртіп дегенді ұмытып қалған”, “Қазақша Мумбай”, – деп жазды көпшілік.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”