"Қазақмыс" компаниялар тобының кеніштеріндегі жұмыстарды тоқтата тұру туралы
Бұған дейін хабарланғандай, бүгін "Қазақмыс" басшылығының өкілдері жұмыстарды тоқтата тұру туралы жариялаған мердігер ұйымдардың қызметкерлерімен және шахтерлермен туындаған мәселелерді шешу үшін шахтаға түсті. Кездесу нәтижесінде тараптар келісімге келді.

Қызметкерлердің сұрақтарының бір бөлігі сол жерде келісіліп, қанағаттандырылды. Көтерілген мәселелердің екінші бөлігін орындау заңнамалық өзгерістерге қатысты, осыған байланысты оларды шешу үшін қосымша уақыт қажет. Оларды жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерінен тұратын арнайы құрылған бастамашыл топ пысықтайтын болады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша кәсіпорындарда жұмыстар жалғастырылды. Шараға қатысқан жұмыскерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық