Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жазушысының немересі: Қазақтар британдықтарға қарағанда шыншыл

YouTube-те саяхат жөнінде өз арнасын жүргізетін Danny Y лақап атымен тіркелген блогер 8 жыл бойы Ұлыбританияда тұрып жатқан қазақ қызы Рауан Мәуленовадан сұхбат алды. Ол бұрын Алматы қаласында тұрған екен. Әйел Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы айырмашылықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Рауан Мәуленова 2010 жылы Шотландияға кетіпті. Ол өміріндегі мұндай өзгерісті тағдырға балайды. Айтуынша, ол кішкентай күнінде Ұлыбритания туының суретін салған екен.

Рауан 2005 жылы британиялық компанияға қызметке орналасқан. Ал 5 жылдан кейін Шотландияға қоныс аударған. Мұнда Алан есімді ұлын өмірге әкеліп, жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Қазір ұлы бірінші сыныпта оқып жүр.

Рауан шетелде жүрген отандастары сияқты өз отанын сағынады. Ол жыл сайын Қазақстанға келіп тұрады. Мұнда кемінде бір ай демалады екен.

«Бәрі демалысқа кеткенде, мен Қазақстанға тартып отырамын. Бұған да 10 жыл болды. Мен үшін бұл үлкен демалыс. Өз елімде қыдырып, ет жеп, деалып, қонақта боламын», – дейді Рауан Мәуленова.

Қазақстан мен Ұлыбритания халқын салыстырған  Рауан, британдықтардың эмоционалды емес екенін айтты. Олар тек сыртынан ғана күліп, жымияды. Ал жанын айқара ашатын, аузын ашса жүрегі көрінетін жандар отанында қалыпты. Сондай-ақ, әйел британдықтардың әзілді түсінетіндеріне күмән келтіретінін де айтты.

Қос мемлекеттің өзіндік айырмашылықтары туралы сұраққа жауап берген Рауан өзі үшін маңызы зор 3 мәселені атады. Олар – қорғаныс, еркіндік сезімдері мен жайлылық.

Айта кетсек, Рауан Мәуленова жазушы Сырбай Мәуленовтің немересі екен.

Оқи отырыңыз:

Даниал Ахметов: Болашақта қоғамда жаппай жұмыссыздық орын алмауы үшін, өндіріс орындарымен жұмыс істеу керек

Алматыда бір жасар қыздың ата-анасы іздестіріліп жатыр

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ұзындығы 7 шақырым болатын көлік кептелісі орын алды

Қызылордада басшылыққа ақша тасудан шаршадық деген жұмысшылар жанжал шығарды

Талқылау