"Қазақ титаны" Алмат Жұманов ирандық қарсыласын нокаутпен жеңді
Дубайдағы Dubai P7 Arena-да өткен Wicked N' Bad промоутерлік турнирінде "Қазақ титаны" лақап атымен қазақстандық Алмат Жұманов өнер көрсетіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Онда Жұманов тағы бір алпауыт өзін "Ирандық Халк" деп атайтын ирандық Саджад Гарибимен шайқасты. Олар бокс ережесі бойынша әрқайсысы екі минуттан төрт раундтық форматта жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте жеңісті "Қазақ титаны" жеңіп алды. Ол бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді.
Жекпе-жек алдында Жұманов Гарибиге жекпе-жектің салдары туралы ескерткен болатын: "Саджад, сен мені жекпе-жекке шақырдың, мен келдім. Бұл – өміріңдегі ең үлкен қателік. Жекпе-жек сен үшін өте қиын болады", – деген болатын.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”

