Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тіліндегі онлайн-диктант: Қалай қатысамыз?

Stan.kz ақпарат агенттігі осымен төртінші жыл қатарынан онлайн-диктант ұйымдастыратынын хабарлаған едік. Жазба жұмысы 24 мамырда өтеді.  

Диктантқа қатысу үшін интернет пен компьютер немесе ноутбук, телефоныңыздың болғаны жеткілікті. Дегенмен диктантты компьютер немесе ноутбукпен жазу әлдеқайда ыңғайлы болады. 

Диктантқа қалай қатысады?

24 мамырда dictant.stan.kz парақшасында мәтінді оқитын спикердің видеосы жарияланады. Таңғы сағат 09:00-ден бастап сайтқа кіріп, мәтінді тыңдап, диктант жаза бере аласыз. Ол үшін спикердің айтқандарын мұқият тыңдап, мәтінді теру керек. 

Жазба жұмысына кешкі 21:00-ге дейін қатысуға болады. 

Жазба жұмысын орындауға берілетін уақыт шектеулі. Жазбаны бірнеше рет тыңдауға шектеу қойылады. 

Ескерту: Ұтысқа шынайы аты-жөнін жазғандар ғана қатыса алады. Бұған қоса диктантты бірнеше рет жазған қатысушылар ұтыс ойынына жіберілмейді. 

Диктанттың басталу уақытын қалт жіберіп алмас үшін біздің Stan.kz Play Market және AppStore-дан жүктеп алуға кеңес береміз. 

Жобаның басты серіктесі – “Dauletten” қайырымдылық қоры. 

Айта кетейік, диктантты қатесіз жазып, ең жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылардың арасында қаржылай сыйлықтар ойнатылады. Қандай сыйлықтар ойнатылатынын мына жерден оқи аласыз.