200 мың теңге ақшалай сыйлық: 24 мамырда өтетін онлайн-диктантта қандай ұтыс ойнатылады?
Stan.kz ақпарат агенттігі 24 мамырда онлайн-диктант ұйымдастырады. Диктантты үздік жазған қатысушыларда 200 мың теңге ұтып алу мүмкіндігі бар.

24 мамырда dictant.stan.kz парақшасында республикалық онлайн диктант өтеді. Оған кез келген адам қатыса алады.
Биыл қандай ұтыс ойнатылады?
Диктантты қатесіз жазып, ең жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылардың арасында 200 мың теңгеден 10 адамға қаржылай сыйлықтар ойнатылады. Жүлдеқоры – 2 миллион теңге. Жобаның демеушісі – “Dauletten” қоры.
Ескерту: Ұтысқа шынайы атын-жөнін жазғандар ғана қатыса алады. Бұған қоса диктантты бірнеше рет жазған қатысушылар ұтыс ойынына жіберілмейді.
Диктант қай уақытта басталатынын білу үшін Telegram-да Stan.kz парақшасына жазылыңыз немесе біздің қосымшаны жүктеп алыңыз.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен