Қазақ тілінде жиі қолданылатын сөздердің сіз білмеген мағынасы
Қазақ тілі – бай тіл. Кей сөздер өзінің негізгі мағынасынан бөлек мағынада да қолданыла береді. Қазақша сөздердің бірнеше мағынасын бір-бірінен айыра аласыз ба? Бүгін сөздердің көп кездестіре бермейтін мағыналарын ұсынамыз.
Бөле – туыстық атау. Бөле беру, бөлу – іс әрекетті, адам сөзін үзіп жіберу.
Кеш – күн көкжиектен көтерілетін мезгіл атауы. Кеш – суды, балшықты кешу. Кеш – жиын, думан. Мәселен: Өткен жолғы кеш қызық өтті.
Шара – ыдыстың түрі. Шара – мереке, адамдар жиналған салтанат.
Жар – жұбайы, күйеуі, әйелі мағынасында. Жар – таудың биік беткейі. Жар – диалектке жататын қабырға деген мағынасы бар.
Жайма – қамыр, нан. Жайма – төсек орын, матаны осылай атап жатады.
Бағана – Бүгінгі күнге қатысты аз ғана уақыт бұрын өткен нәрсені сипаттау. Бағана – ағаштан жасалатын тіреуіш.
Бұрыш – тағамға қосатын дәмдеуіш. Екінші мағынасы – үйдің, бөлменің бұрышы, қиыры.
@stan.kz Бұл сөздердің мағынасын білетін ба едіңіз?
♬ оригинальный звук - STAN KZ
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”