Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"6 жасымнан бастап мені туған екі ағам зорлап келді": Қазақстандық әйел өміріндегі сұмдық жайттың бетін ашты

Жыл сайын Қазақстанда жүздеген балаға қол салынады. Жыныстық сипаттағы зорлық жасалады. Мәселен, бүгінде кәмелетке толмағандарды жәбірлеген 1800 қылмыскер түрмеде жазасын өтеуде және олардың дені жәбірленушінің арызы бойынша ұсталмаған.

Шатқалда таңғы 6 мен 7-нің арасында: Қостанайда бойжеткенді зорлады

Бұл туралы "Басты бағдарламада" айтылды. 

Мамандардың айтуларынша, зорлық көргендердің 98 пайызы басындағы жағдайды айтпайды екен.  

"Ол менің 6 жасымда болған оқиға. Ең бірінші ең үлкен ағам бастады, 75 жылғы. Күніне бірнеше рет зорлайтын", - деді ағаларынан зорлық көрген Асыл.

Сөзінше, әке-шеше малдың соңында. Қарындастарын қарайды деп екі ұлға қалдырған.

"Содан анам қалай кетеді, екеуі тиісе бастайды, зорлап қана қоймайды, қол жұмсайды, ұрып-соғады, неше түрлі жаман-жаман сөздер айтады. Мен 6-да болғанның өзінде үлкені 15-те, кішісі 14-те болады екен. Ол кезде олар толық жетіліп қойған балалар ғой. Содан мені 13 жасыма дейін зорлап келді", - деді Асыл.

"Аудандық полиция бөліміне арыз жаздым. Суреттерімді апарып көрсеттім, міне, тілім тісімнің ортасында қысылып қалған ғой, қан талап кеткен тілім, мына мойным көгерген, ісіп кеткен, сөйтіп соны полиция қызметкерлері салғырттық қылып қараған жоқ арызды. Қазір мен 34-темін. Тұрмысқа шықпағам. Жігітпен де жүрген жоқпын. Ақыры соңында бір дертке шалдықтым. Қазіргі таңда мен сол диагнозбен өмір сүріп жатырмын. Жек көрем, шешемнің өзін жек көріп кеттім", - деді зорлық көрген Асыл. 

Азамат есімді Алматы тұрғыны көршісінен қорлық көргенін айтады. 

"Көрші жігітке зорландым. Сөйтіп алты жыл бойы сол ісін жалғастырумен болды. Азаппен өткен 6 жыл ар-ожданынан түк қалдырмады. Мен ешкімге ашып айта алмадым. Айтуға және қорықтым да ондай нәрсені. Ауылды жерде тұрдық ұят болып есептелінетін. Барлық нәрсені ішімде сақтауға тырыстым. Сол үшін кейін ол өз ісін көрші тағы да бір жігітке айтып екеулеп зорлады", - деді Азамат есімді Алматы тұрғыны. 

Мамандардың сөзінше, құрбандардың 98 пайызы айтуға қорқады.

"Айтса да, айтылған жерінде қалады. Естісе де, анасы естімегендей жүре береді. Қоғам да тас керең. Құқық қорғау органдары да құлықсыз", - деді психолог Серікгүл Сали. 

Сексолог маман да бұл туралы пікір білдірді. 

"Педофил деген баланы жақсы көретін адам деген сөз. Яғни, ересек адаммен жыныстық қатынасқа түсе алмайды, сол керісінше өзінің санасы, ойы кішкентай деңгейде қалып қойған кішкентай баламен жыныстық қатынасқа түскісі келіп тұрады. Бұл да бір психикалық ауытқудың бір түріне жатады", - деді сексолог Жанна Төремұратқызы. 

Психологтың айтуынша, қазір нәпсісін тия алмайтын адамдар көбейген. 

"Екіншіден нәпсіқұмарлық. Адамның нәпсісі ешнәрсеге тоймайды. Бала болсын, басқа біреуді зорлап кету болсын, кешірерсіз жануарлармен бірге болу болсын әрдайым жаңа бір нәрсені көрудің әсерімен болады", - деді психолог Ержан Мырабаев. 

Биыл жыл соңына дейін абақтыда отырған 32-і бостандыққа шығады. Статистика бойынша он азғынның тоғызы жасаған әрекетін қайталайды. 

Талқылау