Қазақ-қырғыз шекарасындағы кептеліс: Қаржы министрлігі қазіргі жағдайды баяндады
Қаржы министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы қазіргі жағдай туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, жүк көліктерінің кептелісі жеміс-көкөніс өнімдерін тасылмалдау мен жазғы кезеңде жолаушылар ағынының өсуіне байланысты пайда болған.
“Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шекара аумағында, оның ішінде өткізу пункттерінде заңсыз қызметке қарсы іс-қимыл бойынша белсенді шаралар кешені жүргізілуде. Қазіргі уақытта өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, тәулігіне орташа есеппен шекараны 350-400 жүк көлігі кесіп өтеді", – делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар, қос елдің фискалдық органдары көлеңкелі тауар айналымына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар атқарып жатқаны да атап өтілді.
Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде шекарадағы кептелістің Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы су мәселесіне қатысты екені туралы ақпарат тарағанын жазған болатынбыз.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
