Қазақ бола алмай жүргенімізде, “найман” деп жаздырып киінгеніміз дұрыс емес - Шыңғыс Мұқан
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан елімізде ру атын киімге жаздырып киетіндерге қарсы шықты. Оның айтуынша, “қазақ” болып біріге алмай жүргенде, “найман” болып бөлінген дұрыс емес”. Ол мұндай пікірін BI Group холдингінің бас директоры Рахымбаевтың суретіне қатысты білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қазақ бола алмай жүргенімізде, “найман” деп жаздырып алып киім киіп жүрген дұрыс емес. Әр адам өз руын жазып жүрсе не болады? Қазақтың басы енді қосылып жүргенде, мұндай қылық сепаратизмнен хабар береді. Ру деген үй ішінен шықпауға тиіс. Онда да құда боларда сұралатын элемент”, – деді Шыңғыс Мұқан.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"