Қазақ бапкері баптайтын тунистік таеквондошы олимпиада жүлдегері атанды
Қазақ бапкері Есбол Сұлтанов жаттықтыратын тунистік таеквондошы олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Есбол Сұлтанов баптайтын Тунис құрамасының таеквондошысы Мохамед Халиль Жендуби Париж олимпиадасында үздіктер қатарынан көрінді. Ерлер арасында 58 келі салмақта сынға түскен спортшы жартылай финалда корейлік Таежун Парктен жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.Сондай-ақ Есбол Сұлтанов жаттықтыратын Тунис елінің 4 таеквондошысы Париж олимпидасында жолдама алған. Өкінішке қарай, бұл салмақта сынға түскен қазақстандық Самирхон Абабакиров алғашқы айналымда италиялық Вито Делль'аквиладан жеңіліп қалған еді.
Айта кетейік, Есбол Сұлтанов Қазақстан құрамасының сапында 2007 жылы Бейжіңде өткен әлем чемпионатына қатысқан. Одан бөлек, таеквондошы 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарында да өнер көрсеткен болатын.
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады
Мамандар инициация – бозбала мен бойжеткеннiң есейiп балиғатқа толуын қабылдау қаншалықты маңызды екенін айтты
Қазақстандық ер адам үш баладан кейін вазэктомия жасауға бел буды: Алайда дәрігер әйеліне ота жасауға кеңес берген
Диас тұңғышы дүниеге келгенде-ақ әйеліне бір баламен шектелуді ұсынған

