Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаза болғандар бар: Алматыда қардың кесірінен бір түнде 39 жол апаты болды

Алматыда бір түнде жауған қардың кесірінен 39 жол апаты болды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы полициясы жүргізушілерді жолдарда сақ болуға шақырды және көлік құралдарын дайындауды, дөңгелектерін қысқы түріне ауыстыруын сұрады.

"Ең бастысы жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жүргізушілік мәдениетті ұстануы тиіс. Кеше кешкі уақыттан бері Алматы қаласы аумағында 39 жол көлік оқиғасы тіркеліп, одан 9 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапты", - деді полиция.

Бұл арада Алматы әкімдігі қалада бір түнде төрт-жеті сантиметр, таулы аудандарда 10-12 сантиметр қар түскенін хабарлады.

"13 қарашада таңғы сағат 06.00-де көктайғаққа қарсы 1487 тонна материалдар пайдаланылды. Сондай-ақ, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақтарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Осы жұмыстарға 567 бірлік техника, оның ішінде 174 құм қопсытқыш және 1485 жол жұмысшысы тартылды. Аудандық әкімдіктерде және қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды", - деп хабарлады әкімдіктен.

Талқылау