"Қайтыс болды деген": Оралдық келіншек 28 жылдан кейін анасын тауып алды
Орал қаласының тұрғыны Любовь Клейменова 28 жыл кейін жоғалтып алған анасын тауып, елге қайтарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап.

"Сот арқылы анамның қайтыс болғаны туралы куәлікті жоққа шығардық. Сосын анамды алып кетуге бардым. Жол бойы қатты уайымдадым. Қатты құшақтасып, тынышталдық. Сөйлескеннен кейін, мен оны Астраханьдағы елшілікке апардым. Қазір ол үйде”, – дейді Любовь Клейменова.
Қызының айтуынша, енді анасы онымен бірге тұрады. Қазір ол сүйікті немерелерінің ортасында жаңа үйге орналасуда.
"Анамның екі көзі көрмейді. Бірақ маған бәрібір, бастысы, анам жанымда. Мен бұл туралы өмір бойы армандадым", – дейді Любовь.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"