Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайсар" футбол клубына биыл бюджеттен 1 миллиард 200 миллион теңге қаражат бөлінді

Қызылордалық “Қайсар” футбол клубына 2025 жылға 1 миллиард 200 миллион теңге қаражат бөлінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/fckaysar_official

Қызылорда облыстық спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев қызылордалық клубтың биылғы жылғы бюджетін бекітті. Алайда бұл қаражаттың жартысы команданың осыған дейінгі қарыздарына да жұмсалатын болады. Айта кетейік, клуб басшылығы шетелдік және отандық футболшылардың соңғы алты айдағы жалақыларын толықтай өтей алмаған.

Сонымен қатар “Қайсар” биылғы маусымда ішкі чемпионатта тек қазақстандық футболшылармен ғана өнер көрсетеді. Өз сөзінде Артаев бұл шешім оңайшылықпен келмегенін айтты.

“Клубтың Қазақстан премьер лигасында легионерсіз өнер көрсетуі қиынға соғатыны анық. Бұл үлкен тәуекел. Алғашқыда бәріне оңай болмайтынын біз түсініп тұрмыз. Бірақ осы әрекетіміздің арқасында 2-3 жылда мықты қазақстандық ойыншылардан құралған команданы жасап шығарамыз деп ойлаймын. Ал клубтың биылғы жылға қойған мақсаты: жоғары дивизонда қалу. Себебі, біздің командада өзге клубтар секілді 5-6 миллиард бюджет жоқ”,-деді Бақтияр Ғарифоллаұлы.

Сондай-ақ алдағы уақытта “Қайсар” футбол клубына жеке демеушілер есебінен тағы 500 миллион теңге қаражат тарту көзделуде.

Айта кетейік, 2022/2023 жылғы футбол маусымында қызылордалық клуб Қазақстан премьер лигасын 8-орында аяқтаған еді. Қазіргі уақытта Сыр елінің командасы Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

Талқылау