Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Универсиада нысандары қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Гүлмира Сатыбалды – Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" КММ лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компания басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Соның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты "2019 жылы Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада" нысандары үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын нақты орындалмаған міндеттер үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

Тергеулер жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеуге байланысты жарияланбайды.

Айта кетері, бұған дейін Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.

Іс 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 миллион теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша басталған.

Ал 15 наурызда Тұңғыш президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалды екі айға қамауға алынды.

Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырғаны үшін айыпталып отыр.

Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Талқылау