Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Сатыбалды қамауда отырған кезінде Алматыдан қонақ үй сатып алған

Қайрат Сатыбалды қамауда отырған кезінде 6 млрд теңгеге Алматыдан қонақ үй сатып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Мақсат Толықбай Facebook парақшасында жариялады. Ол бұл мәселе туралы Алматыдағы Hilton қонақүйінің басшылығы мен қызметкерлерімен кездесуде барысында естігенін мәлімдеді.

"Қайрат Сатыбалдыұлы қамауда отырғанда "Байдала" ЖШС-мен сатып алу-сату шартын жасасқан. Яғни, түрмеге нотариус келіп, Сатыбалдыұлы қамауда отырған кезде 6 миллиард теңге тауып, осы компанияға аударып берген", - дейді депутат.

Қонақ үй иесі қонақүйдің 2019 жылы франчайзингтік келісім бойынша салынғанын, ол үшін қонақүйді қамтамасыз ету үшін 4,2 миллиард теңге көлемінде банктен несие алынғанын айтты. 2020 жылы пандемияға байланысты қонақ үй жұмысын уақытша тоқтатқан. Осы кезде банк қонақүйді коллекторлық агенттікке беріп, оны "Байдала" ЖШС-не нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағаға сатқан. ”АБЛИ Құрылыс” компаниясының құрылтайшысы Шолпан Каранеева мұның артында Қайрат Сатыбалдыұлы тұрғанын айтып, рейдерлік басып алу деп атады.

"Қайрат Сатыбалды ұсталып, дүние-мүлкі тәркіленген кезде біздің құзырлы органдар DoubleTree by Hilton қонақ үйін де Қайраттың тәркіленген мүліктерінің қатарына қосып қойған. "АБЛИ Құрылыс" компаниясы "Біз "Байдала" ЖШС-мен соттасып жатырмыз, бұл қалай Қайрат Сатыбалдыға өтіп кетеді, іс әлі қаралып жатыр ғой?!" деп арыз түсіргеннен кейін Қайрат пен "Байдала" арасында тез арада келісім-шарт жасалады. Түрмеде! Ол жерге нотариусты қалай кіргізіп жүр, түрмеде отырған Қайраттың қалтасында 6 млрд теңге қайдан жүр?! Бұл жерде де заңсыздық көп", - делінген жазбада.

Мақсат Толықбай арызданушылардың барлық шағымдарын Антикор мен Бас прокуратураға жібергенін мәлімдеді.

Талқылау