AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас жұбайымен бірге тойға шыға бастады (видео)

Қайрат Нұртас жары Жұлдызбен бірге тойға шыға бастады. Жұлдызды жұп мұндай қадамға той иелерінің сұранысын орындау үшін барып отыр. Отбасылық дуэттің тойдағы дебюті жайлы продюсер Гүлзира Айдарбекова айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Айдарбекованың айтуына қарағанда, той иелері шаңырақ көтеріп жатқан балаларының Қайрат пен Жұлдызға ұқсағанын қалаған.

“Бүгін алғаш рет Қайрат пен Жұлдыз тойды осылай ашты. Екеуінің жолын келін мен баламызға жұғысты етсін деп ырымдап ойластырған той иелерінің қуанышты сәлемдеме видеолары келіп жетіп, біз де қуанып отырмыз. Жастарға бақ-береке тілеп, қос-қос ұлды-қызды ел азаматтары болсын дегіміз келеді. Той-тойға ұлассын! Бүгін өзі қызық күн болды, келін босанып абдырап жатқанымызда, Жұлдызда 15:30-дан бастап 17:00-ге дейін Ұлттық арнада “Шаңырақ” атты тікелей эфирі. Ал сағат тура 18:00-де Шымкентке ұшағы. Занғар тура сағат 17:00-де көлігімен жеңешесін жұмысынан күтіп алып, қалайда ұшаққа үлгертуі керек.

Міне уайым, тойға бармауына тағы болмайды, қаншама xалық, жүректері алып-ұшқан екі жас, ата-аналары тағатсыз уайыммен оларда күтуде. Телефоныма тыным жоқ. Бір жағы той иелерінің уайымы, екінші жағы немерелі болғанымызға ағайын, дос-жаран, бүкіл қазақ елінің құттықтаулары. Бар уайымым тыйылып, енді міне түс көргендей, бәрі оңынан болып қуанып сіздермен бөлісіп отырмын. “Әрбір істің артында қайырымы бар” деп бекер айтылмаған екен”, – дейді Айдарбекова.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр