“Қайрат” бельгиялық “Брюггеден” 4:1 есебімен ойсырай жеңілді

Алматылық “Қайрат” Чемпиондар лигасының үйдегі соңғы ойынында “Брюггені” қабылдап, 4:1 есебімен бельгиялық командаға жол берді.
Алғашқы минутта “Қайрат” қарсыластың қақпасына қауіпті соққылар ұйымдастырғанымен, есеп аша алмады.
Ал 32-минутта “Интер” академиясының түлегі Станкович “Қайрат” қорғанысын бұзып өтіп, алғашқы голды соқты. Артынша 38-минутта Ванакен алматылық клубтың қақпасына гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.
Екінші таймның 74-минутта “Брюгге” кезекті мәрте гол соғып, айқын басымдық танытты. 84-минутта бельгиялықтар кезекті голын соқты. Соңғы сәтте “Қайрат” сапынан Әділет Садыбеков матчтың соңғы нүктесін қойды.
Осылайша “Қайрат” өз алаңында бельгиялық командаға 4:1 есебімен есе жіберді. Енді “Қайрат” 29 қаңтарда “Арсеналға” қарсы ойнайды. Осыдан кейін алматылық клуб Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтайды.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті