"Өз еркімен 120 миллиард теңге қайтарды": Қайрат Боранбаевқа қатысты тағы екі қылмыстық іс тергеліп жатыр
Олигарх Қайрат Боранбаевтың үстінен тағы екі іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/kairat4
Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша Боранбаевтың үстінен қылмыстық іс тергеліп жатыр.
"Боранбаев негізгі қылмыстық іс бойынша 14,5 миллиард теңге шығынды өтеді. Сонымен қатар 120 миллиард теңгеге жуық соманы өз еркімен өтеп берді. Жалпы 134 миллиард теңгені қайтарды. Бірақ қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ, тергеліп жатыр, тағы біраз өтемақыны қайтаратын шығар. Ол бюджет қаражатын жымқырды, сонымен қатар салықтан жалтарды деген күдікке ілінді", – деді қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәжіліс алаңында.
Бұған дейін Боранбаевтың мемлекет меншігіне қайтарған Comfort қонақүйі америкалық компанияға өткені айтылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі