Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбек намаз оқығалы бері әзілдері уағызға ұқсап кетті: Қайрат Әділгерей басшысын сынға алды

Кино актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей өнерде бірнеше адамды үлгі тұтады, ұстазы санайды. Тұрсынбек Қабатовты да осы тізімге қосады. Театрда алалау, бөліну, көре алмау деген ұғымның өмір сүрмейтінін айтады. Тіпті, басшының өзіне сын айта аламыз дейді. 

Бұл туралы "Талқылайық" арнасына айтылды. 

Ұстаз көрген кәсіби актер өнердің сан саласынан танылып жүр. Сүйіктісі ісі - дубляж. Бұны қара шаңырағым деп санайды. 

"Мен "Әзіл әлеміне" келгелі бері Қайрат Әділгерей болып танылдым. Бізде Тұрсынбек - халықтың сүйіктісі. Ол талқыланбайтын тақырып. Одан кейін - Қанат Әлжаппаров. Ол да талқыланбайды. Ол үшін ешкім неге мен екінші емеспін деп таласпайды. Себебі біздің әрбіріміздің абыройымыз - театрдың абыройы. Біздің әрқайсысымыздың өшкеніміз немесе өскеніміз басқаға керек емес. Бастысы Тұрсынбек өшпесе болды. Ол өшсе, біз де өшеміз. Бізде Аманғали болсын, басқа болсын әркімнің өз позициясы, өз көрермені бар. Бізде бірлесіп жұмыс істеу деген бар. Біріміздің әзіліміз осал болса, оны бетіне айтамыз. Әзілдеріміз жараспай тұрса, айырбастаймыз. Немесе қосамыз. Толықтырамыз. Бізде "мен" деген әңгіме жоқ, "біз" деген бар. Сондықтан бірімізді тек қолдап отырамыз. Арманның әзілдері осал бола бастағандықтан, Тұрсынбек оны жұмыстан шығарды", - деді Қайрат. 

Айтуынша, театрда барлық жағдай жасалған. Әзілкештерден тек халықты күлдіру талап етіледі. 

"Тұрсынбек соңғы кезде намаз оқығалы бері әзілдері де уағыз секілді болып бара жатыр. Оны Қанат екеуміз байқадық. Сосын ақылдаса отырып оны Тоқаңа ескерттік. Қанат айтты "Тоқа, халық сенен әзіл күтеді" деді. Тұрсынбек оны ескерді. Форматын ауыстырды. Біз осылай біріміз көріп тұрған нәрсені ашық айтамыз", - деді актер. 

Қайрат Әділгерей өзіне көп қолдау көрсеткен Сәбит Әбдіхалықовты да ұстазы санайды. 

"Сәбит Әбдіхалықовты ұстазым деп айта аламын. Мен ол кісіден эстрадалық бағытты үйрендім. Қай әзілді қалай айту керек, қалай жеткізу керек, оны қалай айтса, халыққа өтеді деген нәрселер. Сәбит ағам тіпті мен үшін "Ханталапай" киносын жазып шықты. Ол менің алғаш түскен кином еді", - деп еске алды. 

Актер әрбір өнер адамының артында 5-6 отбасын асырау міндеті тұрғанын ашық айтты. 

"Бұл құдайдың есебі. Әрбір өнер адамының артында 5-6 отбасы тұр. Оны асырау міндеті тұр. Сол үшін ол халық алдында жарқырап жүруі керек. Халық  әртістер есіріп жүр деп ойлайды. Әрбір өнер адамының отбасында трагедия бар. Әрқайсының отбасында проблема бар. Оны дұрыс түсіну керек. Әртісті шегіртке деп, басқа деп мазақ етуге құмар болып алды", - деп кейіді ол. 

Талқылау