Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Әділгерей: Мені менсінбегендер болды, оның бірі Нұрдәулет Шертім

Қайрат "Түнгі студия" бағдарламасын жүргізгені белгілі. Алайда Қайрат мырза өзін менсінбеген қонақтардың болғанын жасырмайды. Оның бірі Нұрдәулет Шертім екенін айтып қалды. 

Бұл туралы "Талқылайық" арнасында айтылды. 

Ерлан Қарин Қайратты арнайы шақыртып, бағдарламаны тізгіндеуді сұраған. Ол үшін Қайрат Тұрсынбектің рұқсатын алған. Алайда бастапқы айларда өзімді жайсыз сезіндім дейді.

Қайрат Әділгерей бағдарламаны тізгіндеуге бастапқыда батылы жетпеген. Еркін көсіле алмаған. Тіпті кей қонақтардың өзін менсінбегенін байқаған. Әсіресе, әзілкеш Нұрдәулет Шертіммен сұхбаттасудың ауыр болғанын мойындады.

"Бағдарламаға келген кей қонақ маған келгенде Нұрлан Қоянбаевқа келгендей келген жоқ. Мені менсінбеушілік болды. Әсіресе Нұрдәулетпен қиын болды. Ол маған көмектеспеді. Бір сұраққа басқа жауап айтып отырды. Ең қиыны Нұрдәулет еді. Мен біреудің басқарған бағдарламасын қайталағаным үшін өзімнен жиіркендім. Желідегі пікірлерді оқыған жоқпын. Кейін әбден үйренісіп, еркін жүргізетін болдым", - деді ол. 



Әзілкеш өзін бағдарламаны жүргізуге Нұрлан Қоянбаевтың өзі ұсынғанын айтқан еді. Бұған Тұрсынбек Қабатов та қарсылық білдірмеген екен. 

"Мені Ерлан Қарин шақыртты. Алдына барсам, бағдарлама жүргіз деп ұсыныс айтты. Мен Тұрсынбектің алдынан өттім. Себебі мені танытқан Тұрсынбек. Мені танытқан "Әзіл әлемі". Сондықтан өзім біліп кете алмаймын. Ерлан ағаға Тұрсынбекке бір ауыз айтуын өтіндім. Тұрсынбек үшеуміз бір кабинетте отырып ақылдастық. Осылайша бағдарламаны мен басқардым", - деді ол. 

Айтуынша, бастапқы уақыттарда көрермен тарапынан жазылған сынға еш мән бермеген. 

"Бастапқыда ешқандай сын пікірлерді оқыған жоқпын. Екі-үш ай оқымай қойдым. Себебі сынып қалмайын дедім. Кейін әбден үйренген соң барып бәрін оқи бастадым", - деп мойындады әзілкеш. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 13 Қазан, 2020 07:45
Талқылау