Қайрат Әбдірахманов елші лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының үкімімен Қайрат Әбдірахманов Швеция және Дания елшісі қызметіне босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл турала Ақорда сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның жоғары комиссары болып сайланғаны айтылған еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған