Қайнарбұлақ тұрғын алабында жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, балаларға спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес, қалада көптеген спорт нысандары ашылып, тұрғындар игілігіне берілуде. Бұл бағытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында да бірқатар шағынаудандарда спорт клубтары жұмыс істеуде.

Шымкент қаласы әкімінің шалғай елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту және баршаға қолжетімді спорт жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы Қайнарбұлақ тұрғын алабында жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Қаратау ауданының әкімі А. Әліқұлов демеушілер есебінен салынған көп функционалды спорт алаңшасының жұмысымен танысты.

Аталған спорт алаңшаның құрылысына демеушілер есебінен 14,5 млн теңге қаралып, мердігер мекеме "Ферротекс" ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда спорт алаңшасы тұрғын алаптағы № 83 мектепке пайдалануға берілуде.
Қалада бұл бағыттағы жүйелі іс-шаралар одан әрі жалғасын табатын болады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған