Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайдағы 80 жыл?": Жұлдыз Әбдікәрімованың су тасқынынан зардап шеккендерге арналған жазбасы сынға қалды

Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова су тасқынынан зардап шеккен ағайынға жұбату жазба арнады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Алайда өнер иесінің сөзіне оқырмандары қарсы шығып, жалған ақпарат таратпауды сұрады. 

“Бұл көктемде ел басынан оңай күндер өтіп жатқан жоқ. Мыңдаған отбасы үйсіз қалды. Суға батқан үйлерде қанша адамның мал-дүниесінен бөлек, естеліктері жойылып кетті. Қора-қора мал қырылды. Молалар шайылып, жолдар жуылып кетті. Кейінгі 80 жылда болмаған селді көрдік. Су тасқыны әлі де толық бұғатталмай отыр. Президент, үкімет, кәсіпкер, танымал адамдардың барлығы да өз деңгейінде жағдайға әсер етуге, салдарымен күресуге, жан мен малды аман сақтап қалуға барын салып жатыр. Бірі жария, бірі жасырын қол ұшын беріп жатыр. Барлығына Алла куә”, – деп жазды кино жұлдызы. 



Желі қолданушылары актрисаның айтқан статистикасын сынап, жалған дерек бермеуін өтінді.

“Қайдағы 80 жыл, Құлсарыда су тасқыны 20 жыл бұрын болған”, “Су Ресейден келіп жатыр, қар суы мынадай болмайды”, “Қандай көмек бердің?”, “Байыңмен бақытты болып, отыра берші”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым.

Еске салайық, бір топ өнер иелері су тасқынынан зардап шеккендерге 25 миллион теңге жинап бергенін жазған едік.  

Сондай-ақ Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен жерлестерімен кездесті. 

Талқылау