Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қай екпе салдырғаны маңызды емес: Қазақстанның вакциналау паспорты 13 елде жарамды болды

Қазақстандықтар вакциналау паспортымен 13 мемлекетке бара алады. Яғни ол елдерде ПТР-тест тапсырып, карантинде отырудың да қажеті жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның вакциналау паспортын мойындаған мемлекеттердің ішінде Армения, Аргентина, Беларусь, Венгрия, Грузия, Иран, Қырғызстан, Молдова, Моңголия, Сан-Марино, Таиланд, Түркия мен Эстония бар.

Осылайша, қазақстандықтар да, осы елдердің азаматтары да мемлекеттік шекараны карантиндік шектеусіз өте алады. Ол үшін коронавирусқа қарсы вакциналау паспортын көрсетсе жеткілікті.

ПТР-тест тапсырып, карантинде отырудың да қажеті жоқ. Қазақстан азаматының қандай екпе салдырғаны да маңызды емес. Ең бастысы, вакциналау паспорты болуы тиіс. 



Ал Мысыр мен Оман қазақстандықтардың вакциналау паспортын біржақты ретпен таныды. Ол жаққа барған отандастарымызға да ПТР-тест тапсыру және карантинде отыру талабы қойылмады. 

Қазіргі кезде Ресей, Әзербайжан, Иордания, Индонезия, Марокко, Өзбекстан, Филиппин және тағы басқа мемлекеттермен вакциналау паспортын өзара тану бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Қазақстан мойындаған елдерде коронавирусқа қарсы вакцинаның түр-түрі егіледі. Соның ішінде QazVac (қазақстандық вакцина), "Спутник V" (ресейлік вакцина), "Спутник Лайт" (ресейлік вакцина), Vero Cell, CoronaVac (қытайлық вакциналар), AstraZeneca (ағылшын-швед вакцинасы), Novavax, Pfizer, Moderna, Johnson&Johnson (америкалық вакциналар), COVIran Barakat (ирандық вакцина).

Талқылау