"Қай баланы кімнен туған": Қайрат Әділгерей халыққа реніш білдірді
Қайрат Әділгерей халыққа реніш білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zhenis Show бағдарламасына сілтеме жасап.

"Өнерімен үлгілі қонақтарды шақырса деймін. Айман Мұсаходжаева келді. Италия республикасының құрметті азаматы атанған адам. Көрілімін көрсеңіз 3 мың адам", - дейді Қайрат Әділгерей.
Әзілкеш мықты тұлғаға қарағанда жеке өмірі хайпқа айналған адамдар халықты қызықтыратынын жеткізген. Ол халыққа не керек екенін айтып, бұл заманның ағымына ілесу қиынның-қиыны екенін түсіндірді.
"Ал Ақбота мен Дәурен екеуі айырылысып, бір қосылып. Ақбота келіп еді 300 мыңнан асып кетті көрілім саны. Халыққа адамның өнері, еңбегі керек емес екен. Оларға айырылысып, кіммен қай жатқа, қай баланы кімнен туғаны қызық екен", - дейді Қарат Әділгерей.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған