Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатты қорыққаннан ақша төлеп, кетіп қалдым": 52 жастағы Алматы тұрғыны шипажайда массаж қызметкерінің өзін зорлағанын мәлімдеді

Алматының 54 жастағы тұрғынына санаторийде жұмыс істейтін массажист зорлық-зомбылық жасаған. Бұл туралы НеМолчи.kz қоры хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қордың мәліметінше, 54 жастағы әйелге санаторийге жолдаманы жұмыс орны берген. Сеанстың  екінші күні массажист оның қол-аяғын байлап, аузын жауып, қарсыласқанына қарамастан зорлаған көрінеді. 

"Әрекетін жасап болғаннан кейін оның көзіне қарадым, қанға толы болды. Онымен қоймай ұялмастан маған “қалай болды” деп сұрай бастады. Қолына майлық алып өзінің және менің денемді сүртті. Қалай екенін білмеймін, менің іш киімімнен сараптама ештеңе таппады. Бірақ мен оны жумаған болатынмын", - дейді Алмагүл.

Зорланған әйел қатты қорыққаннан үндемей кетіп қалған. Есін жиғаннан кейін келесі күні массажистің бұл әрекетін өзінен сұрайды. Шипажай маманы өзін ұстай алмай қалғанын айтып, кешірім сұрайды. Оның бұл сөзін диктофонға жазып алған әйел шипажай басшысына шағымданады. Бұдан кейін өзінің жақында құда болатынын айтып, бұл қылығы үшін өзіне қол жұмсағысы келетінін айтқан.

“Кешке директорға барғаннан кейін массажист маған: "Ризасың ба? Кегіңді алдың ба?” деп сұрады. Мен “жоқ” деп жауап бердім. Ол өз-өзіне қол салайын деп жатқанын айтты. Мен оны елемегендей болдым. Бірақ ол өз-өзіне қол сала ма екен деген қорқыныш бойымды билеп алды”, – дейді әйел. 

Массажист әйелге кешірім ретінде миллион теңге ұсынған. Алайда Алмагүлдің айтуынша, оның бар мақсаты — қылмыскерді және оның әрекетін жауып отырған шипажай директорын жазалау. Жәбірленуші полицияға да жүгінген. Бірақ қылмыстық іс қозғалмастан, жабылып қалған. 

"2022 жылдың 1 шілдесі күні Панфилов ауданының полиция бөліміне Алматының 54 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші төрт күн бұрын өзі демалған жергілікті санаторийлердің бірінде массаж қызметкерінің тарапынан зорлық көрсетілгендігін хабарлады.

Полиция ҚР ҚК 120-бабы (Зорлау) бойынша қылмыстық істі тіркеп, заң шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындады. Күдікті деп танылған 55 жастағы ер адам зорлау фактісін жоққа шығарып, қарым-қатынас екеуара келісіммен болғандығын айтты.

Аталған факті бойынша толық көлемде тергеу жұмыстары жүргізілді. Тергеу нәтижесінде, күдіктінің әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзу құрамының болмауына байланысты 4 тамыз күні  қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданды. Шешім Панфилов аудандық прокуратурасымен бекітілді", - деп мәлімдеді Жетісу облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талқылау