"Қатты аяз бен көктайғақ күтіледі": Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады
Синоптиктер Қазақстан бойынша 5-7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандар еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ күтілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазгидромет мамандары еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасының күрт төмендеуі байқалатынын жеткізді.
Аптаның басында республиканың батыс және солтүстік бөлігінде циклон әсерінен атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Жауын-шашын мен қар күтіледі. 6 желтоқсанда еліміздің солтүстігінде қатты қар жауады деп болжанып отыр. Көктайғақ күтіледі.
Ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 7 желтоқсанда антициклонның енуімен бүкіл республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде еліміздің батысында, орталығында және шығысында 10-18 градус аязға дейін, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 25-33 градус аязға дейін болжанып отыр. Оңтүстігінде 5-13 градус аязға дейін температура күрт төмендейді. Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп күтілуде.
Қазақстанның вице-президенті кім болуы мүмкін және оның өкілеттігіне не кіреді: Саясаттанушылар жауабы