"Қатерлі ісікпен ауырамын": Әйел үйлену тойы мен бал айын өткізуге ақша жинау үшін алаяқтық жасаған
Ұлыбританиядағы Ливерпуль қаласының тұрғыны үйлену тойына ақша жинау үшін өлім аузында жатқан адамның кейіпін танытқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
29 жастағы Тони Стенден қатерлі ісік ауруына шалдыққанын хабарлаған. Қыздың сөзіне қарағанда, дәрігерлер оған 2 ай өмірі қалғанын айтқан.
Әйелді қолдау үшін достары оған GoFundMe краудфандинг қызметінен 8,5 мың фунт стерлинг жинады.
Ал Стенден ақшаны үйлену тойын жасауға және Түркияда бал айын өткізуге жұмсаған. Кейін достары оның өтірігін әшкереледі. Сот отырысында әйел алаяқтық жасағанын мойындады. Үкім әлі шыққан жоқ, бірақ ол бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Талқылау

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
Жетіген тұрғындары қала мәртебесіне үмітпен қарағанымен, шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес

"Салқын суға салсаң, бояуы шығады": Отандық шоу-бизнес жұлдыздарының шайы халықтың көңілінен шықпай қалды
Экономист: "Шай плантациясы жоқ елде толыққанды өндіріс болмайды"