Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасында сәбиі бар әйел көлікті шектен тыс жылдамдықпен айдап аспанға ұшты (видео)

Желіде автомобильдің бейнетіркегішіне түсіп қалған видео пайда болды. Оқиға Англиядағы Питерборо қаласында болған.

tvxrvtvbyhujotsmneqs

Кадрда пайда болған иномарка аса жоғары жылдамдықпен алда кетіп бара жатқан жүк көлігін басып озып, сосын қоршау арқылы көкке қарай ұшады. Ол жерден шамамен 4 метр биіктікке көтерілген.

Видеоны түсірген, жүк көлігінің жүргізушісінің айтуынша 30 жылдық тәжірибесінде көрген ең сорақы жол апаты болыпты.

“Ниссан” маркалы жеңіл көліктің рөлінде 32 жастағы Тания Чиквэйчур есімді әйел болған. Бақытқа орай, әйел де, көліктегі оның сәбиі де аман қалған.

tzxheyriyxwqtqe5cua4

Соттың шешімімен мас күйінде көлік айдағаны үшін 12 аптаға және көлікті қауіпті жүргізгені үшін 26 аптаға қамалатын болды. Сонымен қатар, видеода әйелдің жылдамдықты шектен тыс арттырып, қос жалпақ сызықты кесіп өткенін де байқауға болады.

Ал қорғаушылар әйел сотталса бала жалғыз қалатынын алға тартып, үкімді жұмсартуды сұраған. Арайда мұндай өтінішке қарамастан, сот үкімі күшіне енді. Енді әйел үш жылға жүргізу құқығынан айырылып және 115 фунт айыппұл да төлейді.

Талқылау