Каспий жағалауында итбалықтар мен бекірелердің өлекселері табылды
Маңғыстау облысының тұрғындары Каспий жағалауынан итбалық пен бекіре балықтарының өлекселерін тапты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода ол итбалықтар, кефалдар, бекіре және басқа да балықтардың қаңқасы жағалауда шашылып жатқанын айтты. Кей жерлерде үш-бес өлексе жатқан. Өлекселердің арасында тіпті итбалықтардың күшіктері де бар.
"Уақыт өте келе құм басқан тағы қанша өлексе бар!? Мен мұны бірінші рет көріп тұрмын! Бұл жерді экологтардың толық тексеруі керек екені анық!" – деп шағымданды видео авторы.
Журналистер Маңғыстау облысының Экология департаментіне экологиялық ахуал бойынша сауал жолдады.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”