Каспий жағалауынан тағы да өлтірілген итбалық табылды
Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басшысы Ержан Еркінбаев Каспий теңізінің жағасынан өлтірілген итбалықтың өлексесін тапқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Маңғыстаудағы Каспий жағалауын айналып шықтым. Бұл жерде шынымен итбалықтарды өлтіріп жатқанын көзіммен көрдім. Менің алдымда жатқан өлексенің денесінде екі тесік бар. Өлтірілгені анық байқалып тұр. Неге? Итбалық онсыз да әрең қозғалатын жануар. Ақылды болсаң қабан мен қасқырға найза ұстап шық", - деп жазды Еркінбаев.
Жазда Каспий теңізіндегі итбалықтарға қорлық көрсетудің бірнеше фактісі тіркелген. Маңғыстауда тағы бір итбалық демалушылардың құрбанына айналды.
Атырау облысында “Прорва” кенішіндегі кеме жүзетін теңіз арнасы құрылысы маңынан ондаған итбалық өлексесі табылды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”