Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдегі ірі жоғарғы оқу орындарының бірі Алматыдан Қаскелеңге көшетінін хабарлады

АлматыҒұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті алдағы уақытта Қаскелең қаласына көшпек. Мұнда университеттің кампусы бой көтереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: gov.kz

Жоба бойынша 15 гектар аумақта ауданы 60 мың шаршы метр болатын 2 оқу ғимараты, сондай-ақ 6 мың орынға арналған жатақхана салынбақ. Жаңа қалашықта университеттің бірнеше факультеті, креативті индустрия мектебі орналасады деп жоспарланған. Жобаның инвестициялық құны – 100 миллион АҚШ доллары.

"Жаңа кампустың ашылуы жаңартылатын энергетика, атом энергетикасы, климаттық технологиялар, жасанды интеллект, робототехника, кино, анимация және ойындар сияқты жаңа бағыттарда маман дайындауға мүмкіндікті береді", – деді университет басшылығы. 

Салтанатты шара аясында бірқатар әріптестік келісімдерге қой қойылды.


Құны 7,9 млрд теңгеден асатын Сатыбалдыұлының 9 қабаттық ғимараты Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне берілді


"Президенттің тапсырмасы бар. Алматы мегаполисі үлкен, студенттер саны көп, студенттер санын азайту үшін Қонаев, Қаскелең қаласын дамыту, университеттік қалашық ретінде дамыту жоспарлары бар. Екі университет Қаскелеңді керемет жастар қаласына айналдырады деп сенемін. Өйткені Қаскелең Алматы қаласынан қашық емес, келу де оңай", – дейді Energo University ректоры Ғани Нығыметов.

Шараға білім беру ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен Нью-Йорк фильм академиясының мамандары да қатысты.

Еске салсақ, бұған дейін ғылым министрлігі Қазақстандағы рейтингі жоғары университеттер тізімін жариялаған еді. 

Талқылау