Виктория Момынбаева 26 жылдық некеден соң күйеуімен ажырасқанын хабарлады
Инфлюенсер және бес баланың анасы Виктория Момынбаева алғаш рет жеке өмірі туралы айтты. Ол бірінші жолдасымен ажырасқанын, екінші рет некеге тұрғысы келмейтінін баяндады. Сондай-ақ 26 жыл бір шаңырақ астында тұрған күйеуімен ажырасу туралы шешімге қалай келгенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Aissaule Bakytbek YouTube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Виктория бірінші баласы мен әкесінің қарым-қатынасы кенет тоқтаған соң, бірге тұрудың мәні жоғын түсінгенін айтты. Оның басты мақсаты бала тәрбиелеу болыпты.
"Біраз уақыт бәрін татуластыруға тырыстым, бірақ мүмкін емесін түсіндім. Кетіп, өзімді таңдауым керегін ұғындым", – дейді ол.
Виктория ұзақ уақыт бойы екінші күйеуі, "ҚазМұнайГаз" компаниясының бұрынғы топ-менеджері және кәсіпкер Марат Момынбаевпен бірге тұрған. Онымен ресми некеге тұрмаған. Екеуінің төрт баласы болған. Момынбаева отбасында үш бала бола тұра, төртіншісіне аяғы ауыр кезде де азаматтық хал актілері жағдайын тіркеу бөліміне де баруға асықпапты.
"Некеге тұрып, өзіңді байлау үшін адамға үлкен сенім қажет. Күйеуім "өз балаларымды асырап алудан шаршадым" деген соң, бесінші жүктілігімде соның шартымен үйлендік. Алайда ажырасу туралы шешім қабылдадым. Менің ойымша, күйеуім маған қатты ренжіді. Біз әртүрлі кезеңдерді бастан өткердік. Жанжал, ұрыс-керіс болды. Бұл әрине дұрыс. Бірақ мен бұлай жүре алмайтынымды түсіндім. Сосын өзімді таңдадым", – деді ол.
Қазір Виктория қаржыай тәуелсіз. Оның негізгі табысы жылжымайтын мүлікті жалға беруден түседі. Сонымен қатар, ол медиа тұлға ретінде дамуын жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ажырасқаннан кейінгі баламен қарым-қатынасқа қатысты жаңа ережелер бекітілгені туралы жазған едік.