Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасынғаны - белгі бергені: Ғалымдар маймылдардың өзара қалай сөйлесетінін зерттеп көрді

Маймылдардың әр әрекеті әртүрлі нәрсені аңғартады. Осылайша маймылдар өзара түсінісетін көрінеді. Ғалымдар маймылдардың дыбыстық тілін зерттеп көрді. 

Қасынғаны - белгі бергені: Ғалымдар маймылдардың өзара қалай сөйлесетінін зерттеп көрді

Ғалымдар алдымен маймылдардың неліктен айқайлап қасынанын анықтап көрді. Приматтар қатты дауыстамай қасынады. Әдетте аналық маймылдар қатты дауыстап қасынады екен. Бұл балаларына басқа аумаққа кету керек дегенді білдіреді.

Бұл тұрғыда приматтардың 1457 қасыну оқиғасы, оның ішінде 4 аналық маймылдың қасынған жағдайды тексерілді. 

"Олардың қасынған кезін 15 метр қашықтықта отырып білуге болады. Аналықтары қасынған уақытта әдейі айқайлап, дыбыс береді. Бұл балаларына басқа жаққа кетуіміз керек дегенді білдіреді", - деді Цюрих университетінің ғалымы Марлен Фрелих.

Мамандардың айтуынша, бала маймылдар анасының тілін ұғады. Кейде жыртқыштардан қауіп төнгенде де маймылдар қасынып дыбыс береді. Балалары дереу анасына жақындайды. 

Орангутандар ағаштармен өрмелеп қауіпсіз жерге кетеді. 

"Үлкен маймылдар ағаштан ағашқа секіргенде барлық денесін қозғалтады. Ал балалары салмағы аз болғанықтан ағаштарды майыстырып, өрмелеп кете алмайды. Сондықтан аналары тірі көпірлер салып береді", - дейді мамандар. 

Ғалымдар қасына арқылы тілдесудің жануарлар эволюциясына тән қасиет пе дегенді анықтады. 

"Егер бұл тілдесудің түрін маймылдардың өздері шығарған десе, таңғалмас едім. Себебі маймылдар басқа жануарлардан ақылды. Олар тілдесе алады, уақыт үнемдей алады, назар аударып жүреді", - дейді Фрелих.


Тағы оқыңыз: Сүтқоректілер туралы қызықты 10 мәлімет

Талқылау