Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында өрттен зардап шеккен тұрғындармен кездесті

Қостанай облысында іс-сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев орман өртінен зардап шеккен азаматтармен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев Қостанай облысы

Шұғыл әрекет ету штабы отырысынан кейін президент орман өртінен зардап шеккен Аманқарағай ауылының аумағын аралады.

Мемлекет басшысы Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктінде зардап шеккен азаматтармен кездесіп, гуманитарлық көмек тарату пунктінің жұмысымен танысты.

Зардап шеккендермен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық шараларды қабылдайтынын айтты.

“Өкінішке қарай, үлкен өрт болды. Дегенмен тиісті көмек көрсетіледі. Сіздердің баспанасыз қалғандарыңызды білемін. Үкімет екі, екі жарым айда сіздерге бұрынғыдан әлдеқайда жақсы жаңа үйлер салып береді”, – деді Мемлекет басшысы.

Президент еріктілермен әңгімелесіп, оларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Еске салайық, президент Қостанай облысында болған өртті сөндіру жөніндегі шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізген еді. Мемлекет басшысы өңірдегі ахуалдың бақылауда екенін айтты. Табиғи апатты жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданған.

Талқылау