Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындауда неліктен олардың табысы ескерілмейтіндігі жайлы түсіндірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы ата- аналарға 2020 жылдан бастап берілетін жәрдемақы туралы түсіндірді. Сөзінше, бұны тағайындау кезінде отбасының табыс мөлшері есепке алынбайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мемлекеттің бас мақсаты - жәрдемақыға мұқтаж балаларға әділ, сенімді әрі заңды әлемеуметтік көмек көрсету. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға жәрдемдесу қажет. Осы тұрғыда Ұлттық кеңестің мүшелерінің нұсқауымен көпбалалы ата-аналарға жәрдемақы тағайындауда отбасының табыс көлемін ескермеу назарға алынды. Байқағанымыздай отбасының кірісін есептеуде бірқатар құйтырқы әрекеттер орын алып, түсінбеушіліктер болған еді. Бұның арты жемқорлыққа ұласып кеткен де болатын". - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.
Бұған қоса президент ауқаты төмен отбасыдан шыққан балаларға кепілдендірілген әлеуметтік көмек көрсету туралы ұсынылды қолдады.
"Үкімет көп істі тындырды. Көпбалалы отбасылар табысына қарамастан, балалардың санына байланысты мемлекет тарапынан жәрдемақы алатын болады. Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайында АЕК мөлшерлемесі бойынша 42 мыңна теңгеден бастап, 74 мың теңгеге дейін ақшалай көмек беріледі", - деп қосты мемлекет басшысы.
Сөзінше, тұрмыстық жағдайы нашар отбасының мектепке дейінгі жастағы балаларға азық-түлік жиынтығы мен басқа да қажетті заттар табысталады екен. Ал оқушыларға болса мектепте тегін ас, коғамдық көліктерде ақысыз жол жүру және тегін мектепке қажетті киім-кешек пен жабдықтар, кітап-дәптерлер беру секілді мәселелер қарастырылыпты. Мұның барлығын мемлекет өтейді.
Сонымен қатар президент баспана мен көлік аларда қолма-қол ақшасыз төлемдер енгізуді тапсырған еді.
Бұған қоса мемлекет басшысы митингілер өткізуге рұқсат беріп, Қазақ тілін реформалау керектігін жеткізді.