Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, қаруды өндіру және сатып алу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, қаруды өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылды.
“Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың баяндамаларын тыңдады”, – делінген хабарламада.
Отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Зообелсенділер бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті
"Тоқырау жылдарында оқуға түсе алмадым": 50 жасында диплом алған алматылық медбике өз арманын қалай орындады
Жалғызбасты ана екі қызын аяққа тұрғызу үшін жоғары білім алуға мүмкіндігі болмаған