"Кәсіби тәрбиеші болғаны үшін алғыс хаттар алды": Түркістанда екі баласын тұншықтырды деп айыпталған әйелдің әріптестері одан ауытқу байқамағанын айтты
Екі баласын өлтірді деп айыпталған әйелдің әріптестері оны жақсы тәрбиеші деп сипаттады. Тіпті әйелдің кәсібилігі үшін алғыс хаттармен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қызылорда облысының тумасы өзінің балаларын өлтірді деп күдікке ілінген әйелдің қай қонақүйде ұсталғаны белгілі болды.
Әйел балаларын тұншықтырып өлтірді деп болжануда, содан кейін ол досына қоңырау шалып, мәйіттерді қайдан табуға болатынын айтқан.
Түркістандағы жалдамалы пәтерде ауыр қылмыс жасады деп айыпталған 31 жастағы әйел Шымкентке қашып, Тамерлан тас жолындағы қонақ үйлердің біріне барды. Осы жерде ол полицияға ұсталды. Қонақүй әкімшілігі жағдайға түсініктеме беруден бас тартты, себебі қонақтар туралы ақпарат таратуға болмайды деді.
Жергілікті тұрғындар балалар өлімі болған пәтерден дауыс естілмегенін айтады. Сондай-ақ күдіктінің тәрбиеші болып жұмыс істегені анықталды. Қайғылы оқиға орын алған күні 7 ақпанда ол жұмысқа шықпады және басшылыққа бұл туралы ескертіпті. Кейін әйелдің психикалық ауытқушылығы бар деген де бейресми ақпарат тарады.
Кіші бала небәрі 2 жаста, үлкені 5 жаста еді.
"Ол жұмыс істеген мектеп әкімшілігі әріптестерінің айтуынша, ол ата-анамен және балаларымен өте жақсы қарым-қатынаста болған. Мінезін жақсы деп сипаттайды. Жұмысы үшін тіпті алғыс хаттары мен грамоталар алған. Әріптестері оның мінез-құлқында ешқандай ауытқуларды байқамағанын айтады. Ол диспансерлік есепте де болған жоқ. Күдіктінің өзі толыққанды отбасынан шыққан. Жұбайымен бірге тұратын", – деп мәлімдеді Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов.
Бұған дейін Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі баланың денесі табылғаны туралы жазған едік. Кейін күдіктінің Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейінгі сыныпта тәрбиеші болып жұмыс істегені белгілі болды. Кейін ол Шымкентте ұсталды.