Қашықтықтан оқу кезінде университеттердің бағасы арзандай ма: Министр айтып берді
Қазақстан университеттері қашықтықтан оқытуға көшкеніне қарамастан, оқу ақысын өзгертпеуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Білім министрі бірнеше жыл бойы Қазақстандағы жоғары оқу орындары баға мәселесінде академиялық еркіндікке ие болғанын атап өтті.
"Студенттер қашықтан оқыту форматына көшкендерін ескере отырып, университеттерде оқу құнын төмендету туралы сұрайды деп күтілуде. Алайда университеттер оқу процесін жақсарту үшін айтарлықтай шығындар көтеретінін ұмытпаңыз. Біз университеттерге академиялық еркіндік бергенбіз. Сондықтан бұл мәселеге араласа алмаймыз", - деп түсіндірді министр.
Асхат Аймағамбетов қазіргі уақытта Қазақстанның жоғары оқу орындары қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға қажетті құрал-жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету және басқа шығындарды сатып алып жатқандығын хабарлады.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"