Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне өтеді
Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан GPC Investment компаниясы мемлекет меншігіне өтеді. Үкімет сәйкес қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі.

"GPC Investment" ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "Tau Bereke Group" ЖШС-ның ұсынысы қабылдансын", — делінген қаулыда.
"GPC Investment" компаниясы – "Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты 1,15 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу" жобасының операторы.
Қаулыға сәйкес жеке инвестордың жобаны іске асыруды жалғастырудан бас тартуына байланысты "GPC Investment" компаниясы "QazaqGaz" ҰК" АҚ балансына беріледі.
"Өз кезегінде, бұл ішкі нарықты бағасы қолжетімді тауарлық және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысының жобасын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті