Қаржы министрі жемқорлардан бюджетке қанша ақша қайтарылғанын айтты
Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев арнайы шотқа жемқорлардан қанша қаржы түскенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Мәжіліс кулуарында журналистер министрден жемқорлар жымқырған қаржынының қаншасы қайтарылғанын және сол ақшаға қанша мектеп салынғаны туралы сұрады.
Жамубаевтың айтуынша арнайы шотқа 150 миллиард теңгеден астам ақша түскен.
“Қателеспесем, одан 62 мектепті салуға қаражат бөлінді. Қазақстанның әрбір аумағынан берілген ұсынысқа сәйкес қаражат бөлінді. Бірақ қаражаттың барлығы бөлінбеді. Жалпы 90 миллиардқа жуық теңге бөлінді. 60 миллиард теңгеге жуық қаражат бар. Қалған ақшаны апатты және үш ауысымды мектептер болса, оларды жөндеуге қатысты өтінім түссе, соған бөлеміз”, - деп жауап берді Жамаубаев.
Министр айтуынша, арнайы шоттағы қаржы республикалық бюджет комиссиясының шешімімен бөлінетін болады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған