Қаржы министрі трансферттерді игермеген облыстарды атады
Алматы қаласы мен үш облыс нысаны трансфертті игере алмады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның атап өтуінше, осы жылдың бірінші тоқсанында жергілікті бюджеттердің шығыстары 1 трлн 855 млрд теңгені құрады. Атқарылмағаны – 22 млрд теңге.
"Осы жылы өңірлерге 2,6 трлн теңге сомасына жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 сәуірге 490 млрд теңге бөлінген. Оның 99 пайызы игерілген", – деді ол.
Министрдің дерегінше, бөлінген қаражаттың атқарылмағаны – 5 млрд теңге, оның ішінде 2 млрд теңге үнемделсе, 3 млрд теңгесі игерілмей қалған.
"Ең көп игерілмеген сома Алматы қаласында, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында қалыптасты", - деді Ерұлан Жамаубаев.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”