Қаржы министрі: Қазақстан коронавирус мәселесіне 3,5 миллиард теңге арнады
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов ел аумағында коронавирустың таралмауына қанша ақша бөлінгендігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қаржы үкіметтік резервтен бөлінді. Осы орайда коронавирустың таралуына қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дәрі-дәрмекті, масканы, тепловизорлар мен басқа да жабдықтарды алу шаралары қамтылады. Шамамен 3,5 млрд теңге бөлінді. Осы бағыттағы жұмыстарды Денсаулық сақтау министрлігі бақылайтын болады», - деді Қаржы министрі.
Естеріңізге салайық, бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев коронавирус мәселесіне байланысты 1,5 миллиард теңге бөлінгендігі жайлы айтқан еді.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”