Кариб аралдарында белгісіз біреулер 38 адамды тұтқынға алды
Гаитиде ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері екі автобусты ұрлап кеткен. Бұл кезде автобустарда 36 жолаушы болған. Оқиға ел астранасы Порт-о-Пренс да болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Әр автобуста жүргізушілерді қоспағанда 18 жолаушыдан болған", – делінген ел билігінің хабарламасында.
Үкімет жүргізушілерді Порт-о-Пренс пен елдің оңтүстігін жалғайтын жалғыз жолмен жүрмеуге кеңес береді. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, 2021 жылы Гаитиде мыңнан аса адам ұрланған. 2022 жылдың алғашқы 4 айында 200-ден аса адам ұрланыпты.
Соңғы адам ұрлау деректері жергілікті қылмыстық топтар арасындағы қақтығыс кезінде болған. Соңғы аптада жағдай ушығып, кем дегенде 20 бейбіт тұрғын қаза тапқан. БАқ мәліметінше, қылмыскерлер ұрланған адамдар үшін өтемақы талап етпеген.
Трактористен ұлт сөзін сөйлеген тұлғаға дейін: Мұхтар Шаханов кім және қандай ісімен есте қалды (видео)
Еңбек жолын қарапайым тракторист болып бастаған
Қазақстанда декрет төлемдері неге кешігеді және мемлекетте шынымен қаржы жетпей ме?
Қазақстанда 12 миллион адамның тек 4 миллионы ғана ай сайын әлеуметтік аударымдар төлейді