Каратэден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды
Испанияның Памплона қаласындағы каратэден өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Испанияның Памплона қаласындағы каратэден WKF ережелері бойынша командалық әлем чемпионаты өтіп, жарыс жеңімпаздары анықталды. Әлемнің ең үздік 20 командасы қатысқан сына ел намысын 8 каратэшіміз қорғап, АҚШ, Франция, Косово және Грекия құрамаларына қарсы өнер көрсетті. Өкінішке қарай, Қайсар Алтынбай, Жоламан Биғабыл, Нұрқанат Ажиканов, Әбілмансұр Батырғали, Данияр Юлдашев, Никита Тарнакин, Ғалым Асылхан және Диас Улбек бастаған спортшылар ширек финалға шыға алмай, жүлделі орыннан көріне алмады. Ал әлем чемпионы атағын Египет құрамасы иеленсе, Иран-күміс, Жапония-қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, 2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы тарихи қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"

